Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Білім саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Дайындық бағыты
6B071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының тобы
B060 Химиялық инженерия және процестер

БББ мақсаты:

Органикалық және мұнай-химия өндірісінің технологиясы саласында, терең кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігі бар, өнеркәсіптің барлық салаларында іс жүзінде талап етілетін, нарықтық экономика жағдайында бағдар ала алатын және халықаралық кеңістікте бәсекеге қабілетті жоғары білікті химик-технологтарды дайындау.

ОН1 Кәсіби қызметінде экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша білімін қолданады

ОН2 Химик-технологтың кәсіби қызметінде жаратылыстану пәндерінің теориялары мен күрделі тәуелділіктері туралы білімі мен түсінігін қолданады

ОН3 Кәсіби және ғылыми қызметінде ғылыми зерттеу әдістері мен жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша білімін және дағдыларын пайдаланады

ОН4 Экожүйелер мен қоғамның тұрақты даму қағидаларын іске асыру барысында экологиялық білімін және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын қолданады

ОН5 Органикалық заттарды өнеркәсіптік өндіруге және шикізат базасының күйін бағалауға қатысты инженерлік-технологиялық міндеттерді шешеді

ОН6 Химия саласы кәсіпорындарында ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық, табиғатты қорғау және кәсіпкерлік қызметке қатысады

ОН7 Ресурстардың қажеттілігін, химиялық өндіріс жабдықтарын жобалауға және жаңартуға арналған көмірсутекті шикізатты жоспарлау мен ұтымды пайдалануды бағалайды

ОН8 Көмірсутек шикізаттарынан полимерлі материалдар мен органикалық өнімдер өндірудің инновациялық химиялық технологияларын жасау кезінде кәсіби білімдерін қолданады

ОН9 Экологиялық мәселелерді шешуде және органикалық заттарды өндірудің технологиялық процестерін басқаруға инженерлік көзқарас дағдыларын меңгереді

ОН10 Химиялық өндірістің тұрақты даму мақсаттарына жету үшін рециклинг және қалдықсыз технологияларды пайдаланады
 

Өндіру, басқару, ғылыми-зерттеу, білім беру, мұнай химиясы, көмірсутек шикізаты мен мұнайды өңдеу, органикалық синтез өнімдерінің химиялық технологиясы.

- ұйымдастырушы-басқарушылық
- өндірістік-технологиялық
- есептік-жобалық
- сервистік пайдалану
- ғылыми зерттеу
- білім беру (педагогикалық

Негізгі және ұсақ органикалық синтез өнімдерін өндіру бойынша кәсіпорындар; көмірсутек шикізатын дайындау, өндіру және тасымалдау және оларды ұтымды пайдалану жөніндегі ұйымдар; химия, экология, металлургия, фармацевтика, мұнай-химия, газ және көмір бағдарларының ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары; орта техникалық оқу орындары.

 

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №2 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз